Допинг дауы: Сонның Олимпиадада еншілеген қола медалі алына ма?

2020 жылы Токио Олимпиадасында алынған Игорь Сонның допинг сынамасы таза болғандықтан, Олимпиаданың қола медалі, сондай-ақ оған берілген ақшалай сыйлық пен пәтер алынбайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Абдуалиеваның айтуынша, WADA халықаралық ережелеріне сәйкес, жоғары нәтиже көрсеткен кәсіби спортшылар, Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлер жүйелі түрде допинг сынақтарынан өтеді.

Осыған байланысты 2022 жылғы 2 наурызда Жетісу облысындағы турнирде Игорь Соннан допинг-сынама алынды, ол оң нәтиже берді.

WADA стандарттарына сәйкес сынамалар бірнеше рет тексерілді. Нәтижесінде, WADA ережелері бойынша спортшыға 8 жылдық дисквалификацияны тағайындау туралы шешім қабылданды, ол 2022 жылдың 8 наурызынан 2030 жылдың 28 наурызына дейін созылады. Сонымен қатар, 2020 жылы Токио Олимпиадасында алынған Игорь Сонның допинг сынамасы таза болғандықтан, Олимпиаданың қола медалі, сондай-ақ оған берілген ақшалай сыйлық пен пәтер алынбайды, - деді Мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкілі.

Еске салсақ, бүгін Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, қазақстандық ауыр атлет, Игорь Сон допинг дауына байланысты спорттан 8 жылға шеттетілгені мәлім болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы