Допинг дауы: Ресей халықаралық сотқа шағымданады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің шешімімен келіспейді, деп хабарлайды 24.kz.
Енді сотқа шағымдануға ниетті. Бұл туралы Ресей Олимпиада комитетінің басшысы Станислав Поздняков мәлімдеді.Оның айтуынша, Ресейдің допингке қарсы агенттігі көп ұзатпай халықаралық ұйымға ресми хат жолдамақ. Одан кейін Лозаннадағы арбитраждық сотқа шағымдануы мүмкін.
Еске сала кетейік, желтоқсанның 9-ы күні Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік Мәскеу зертханасының мәліметтерді бұрмалауына байланысты Ресейді халықаралық жарыстардан 4 жылға шеттеткен болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
2020 жылы Павлодарда әлеуметтік салаға 30 млрд теңге бөлінеді
Өзгелердің жаңалығы