15 Сәуір 2019, 21:02
Донорлар банкіне тіркелгендер саны өте аз - дәрігер
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан бойынша жыл сайын онкологиялық және гематологиялық диагноз бойынша 600-ге жуық бала тіркеледі. Атырау облысында қатерлі дертке шалдыққан балалар саны 60-тан асады.
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан бойынша жыл сайын онкологиялық және гематологиялық диагноз бойынша 600-ге жуық бала тіркеледі. Атырау облысында қатерлі дертке шалдыққан балалар саны 60-тан асады.
Дәрігерлердің айтуынша, кішкентайларды ажалдан аман алып қалу үшін қажет донор тапшы. Мемлекет тарапынан берілетін квотаны да ұзақ уақыт күтуге тура келетін көрінеді. Осы мәселеге орай, Атырау облыстық ауруханасында тренинг өтті. Оған облыстық денсаулық сақтау басқармасының, түрлі қоғамдық қорлардың өкілдері, онколог-гематолог мамандар мен ата-аналар қатысты. Тренинг барысында балалар арасындағы онкологиялық ауруларды ерте анықтау және олардың өмірін құтқару үшін сүйек кемігін трансплантациялау мақсатындағы қауіпсіз донор мәселесі көтеріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді."Өкінішке орай, елімізде донорлар банкіне тіркелгендер саны өте аз. Сол себепті, қазақстандықтарды донор болып, жақсылық жасауға шақырамыз. Көп жағдайда балаларымыз шет елге кетіп жатады. Ал, ол жақта трансплантациялау құны - өте қымбат. Квотаны күтіп, қаражат жинап шет елге кетпей-ақ, сол трансплантацияны Қазақстанда жасауға да мүмкіндік бар. Ол үшін тек донорлар банкін толтыруымыз керек",- дейді «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы" директорлар кеңесінің мүшесі Эльмира Алиева.
- Семейдегі сауда орталығында әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалды 22:20
- Ақмарал Ерекешева Чехиядағы Гран-приде төрт жүлде жеңіп алды 21:48
- Атырауда «ALTYN ORDA» халықаралық садақ ату турнирі өтіп жатыр 21:11
- БРИКС, БАӘ және транзит: Қазақстан экономикалық мүмкіндіктерін қалай кеңейтуде 20:59
- БРИКС плюс: Қазақстан транзит пен инвестиция мүмкіндіктерін кеңейтуде – Сарапшы 20:58
- Жапонияда үкімет қайта жасақталады: Такаити қарсыластарын қызметінде қалдырмақ 20:55
- Қосшыда сауда үйінде жанжал шығарған ер адам 15 тәулікке қамалды 20:40