Донор күні: өскемендіктер қан тапсырып, екі күн демалыс алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде қан тапсырып, екі күнге дем алуға болады. Сондай-ақ мың теңге сыйақы беріледі. Бұл туралы altaynews.kz сайтында хабарланды.
Осындай ерекше акцияны Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы Донор күніне орай арнайы өткізіп отыр. Қатысуға ниет білдірушілер 7 тамыз күні сағат 9.00-14.00 аралығында Протозанов көшесі, 7 мекенжайынан табылуы тиіс.
«Қан тапсырғаннан кейін донорларға екі күнге анықтама және 1000 теңгеге қоса беріледі. Сондай-ақ бұл күні донорлар тегін анализ тапсырып, өздерінің қан тобы мен резус-факторын біле алады. Ал қажет болған жағдайда зертханалық зерттеулер туралы ресми анықтама ала алады», - деп атап өтті ұйымдастырушылар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Үкімет басшысы Ұлттық биотехнология орталығына барды
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы