Дональд Трампқа тағы да қастандық жасалды

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа тағы да қастандық жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

New York Post басылымы таратқан мәліметке сәйкес, АҚШ-тың құпия қызметі Флорида штатындағы Вест-Палм-Бичтегі өзінің гольф-клубынан шығып бара жатқан кезде Дональд Трамптың жанында атыс болғанын байқаған.

Трамптың өкілі Стивен Ченг экс-президент қауіпсіз жерде екендігін мәлімдеді.

Трамп оның маңайында болған атыстан соң қауіпсіз жерге орналастырылды. Әзірге басқа ақпарат жоқ, - деп атап өтті Ченг.

Белгілі болғандай, екі адам Уэст-Палм-Бичтегі Trump International Golf Course-тің маңында атысқан. Олар бір-бірін көздеген, оқ Трампқа бағытталмаған деп отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Reuters/Brendan McDermid
Өзгелердің жаңалығы