Дональд Трамп: Ресей нақты әрекетке көшуі керек
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшылығына Украинадағы соғысты тоқтату үшін әрекет етуге үндеді. Бұл мәлімдеме АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткоффтың Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінің аясында айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ресей әрекетке көшуі керек. Өте көп адам қаза тауып жатыр – аптасына мыңдаған адам. Бұл – сұмдық әрі мағынасыз соғыс. Мұндай соғыс мүлде болмауы керек еді. Егер мен президент болғанымда, ол тіпті басталмас еді!!!, – деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
11 сәуір күні АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф Ресейге ресми сапармен барып, сол күні кешке Санкт-Петербургте Путинмен кездесті.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың мәлімдеуінше, кездесуде Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу және Путин мен Трамптың мүмкін болар келешектегі кездесуін талқылау жоспарланған.
Песковтың айтуынша, бұл кездесу – Ресей тарапына өз ұстанымдары мен алаңдаушылықтарын АҚШ президентіне жеткізудің мүмкіндігі.