Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақ үйдің символикалық кілтін сыйға тартты

АҚШ президенті Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақ үйдің символикалық кілтін сыйға тартты. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы елшісі Мағжан Ілиясов Президент Дональд Трампқа Сенім грамотасын тапсыру рәсімінен кейін екеуі аз-кем әңгімелесті. Америка басшысы биыл қараша айында Қасым-Жомарт Тоқаевпен Ақ үйдегі кездесуден алған әсерімен бөлісті. Құрама Штаттар көшбасшысы Қазақстан Президентіне жылы лебізін жолдап, оны құрметтейтінін атап өтті. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевты «халықаралық үдерістерді терең білетін әрі жан-жақты түсінетін тәжірибелі мемлекет қайраткері, керемет адам» деп сипаттады, - деп жазды Руслан Желдібай.

Сондай-ақ, АҚШ Президенті Мемлекет басшысына сый-сыяпат жолдағанын атап өтті. Олардың арасында Ақ үйдің символикалық кілті мен өзінің қолтаңбасы қойылған бейсболка да бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Руслан Желдібайдың телеграм парақшасынан
Өзгелердің жаңалығы