Дональд Трамп қамауға алынды – CNN

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Манхэттен округі прокурорының кеңсесінде қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ CNN агенттігіне сілтеме жасап.

Дональд Трамп қамауға алынды, оған айып тағылуда, – деп хабарлайды телеарна.

CNN Трамп қылмыстық жауапкершілікке тартылған алғашқы белсенді немесе бұрынғы американдық көшбасшы болатынын атап өтті.

Саясаткердің өзі сотқа барар алдында бұл жағдайды «сюрреалистік» деп атады.

Олар мені тұтқындамақшы. Бұл Америкада болып жатқанына сене алмаймын, – деп жазды Ақ үйдің бұрынғы басшысы әлеуметтік желіде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы