Бүгiн 2026, 04:55
Фото: Getty Images
Дональд Трамп "Американы құтқару" заңын қабылдауға шақырды
Трамп бұл заң жобасын белсенді түрде қолдап отыр.
АҚШ президенті Дональд Трамп Сенатты SAVE America Act ("Американы құтқару") заңын қабылдауға үндеді. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
АҚШ үшін сайлаушылардың жеке куәлігі, азаматтығын растау және басқа да талаптардан маңызды ештеңе жоқ. Осы шешімді қабылдаңыздар, сонда қаншама жақсы өзгерістер болатынын көресіздер, – деп жазды ол.
Трамп бұл заң жобасын белсенді түрде қолдап отыр. SAVE America Act сайлау өткізу ережелерін қатаңдатуға бағытталған. Құжатта сайлаушылардың жеке куәлігін міндетті түрде көрсету, дауыс беру кезінде азаматтығын растау, сондай-ақ көп жағдайда пошта арқылы дауыс беруді шектеу қарастырылған.
Бұған дейін АҚШ-тың Бейнелеу өнері комиссиясы елдің 250 жылдығына орай Трамп бейнесі бар 24 караттық алтын ескерткіш монетаны шығару туралы шешім қабылдағаны хабарланған.