Домофонды кірпішпен сындырған ер адам 10 күнге қамауға алынды

Домофонды кірпішпен сындырған мас астаналық 10 күнге қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, оқиға таңғы уақытта болған. 26 жастағы мас ер адам үйде кілтін ұмытып кеткен. Содан кіреберіске кіре алмай, домофонды кірпішпен сындырған. Оның заңсыз әрекеті бейнекамераға жазылған, - делінген мәліметте. 

Сот шешімімен бөтеннің мүлкін қасақана бүлдірген құқық бұзушы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архив
Өзгелердің жаңалығы