Доминго – Димаш дуэті: Будапеште тұсаукесер өтті

Будапеште балалар арасындағы классикалық музыка бәсекесі – Virtuosos V4+ телевизиялық шоуының финалы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тікелей эфир халықаралық жобаның YouTube арнасында көрсетілді.

Конкурс сахнасында әлемге танымал қос жұлдыз – қазақстандық жас әнші Димаш Құдайберген мен испаниялық опера әншісі Пласидо Доминго дуэт болып өнер көрсетті. Олар Жорж Бизенің 1863 жылғы «The pearl Fishers» операсын орындады.

П.Доминго бұл жобада – халықаралық қазылар алқасының төрағасы. Биыл алғаш рет қазылар алқасының құрамына Димаш Құдайберген де енді.

Будапешке өмірімде бірінші рет келдім. Дәл осы жерде менің арманым орындалғалы жатыр. Өйткені өмір бойы ойымда жүрген, бала кезімнен бір арманым бар еді. Ол – Пласидо Домингомен кездесу, онымен бірге жұмыс істеу болатын. Мен оған былай деп айттым: «Менің музыкаға келуіме сіз себепкер болдыңыз». 5 жасар кезімде менде оның концерті жазылған VHC (видеокассета) болған. Сол кезден бері екеуіміздің кездесетінімізге сеніп келдім. Міне, Будапеште менің сол арманым орындалды. Сол үшін Будапешті жақсы көремін, - деген болатын Д.Құдайберген Virtuosos talent_show жобасы аясында берген сұхбатында.

Бүгінгі ақтық кезеңде 5 елден 6 қатысушы өнер көрсетті. 

Сонымен қатар Virtuosos V4+ финалының екінші бөлігі 26 қаңтарға жоспарланған.

Айта кетейік, биылғы 4 мамырда Будапеште Димаштың жеке концерті өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Virtuosos шоуының Instagram-парақшасы
Өзгелердің жаңалығы