Бүгiн 2026, 12:25 Фото: ©BAQ.KZ архиві

Домбыраны ұшаққа алып кіру ережесі әлі қаралып жатыр 

Музыкалық аспаптарды қол жүгінде немесе багажда тасымалдау ережесі олардың көлеміне байланысты белгіленеді.

Қазақстанда домбыраны әуе көлігімен тасымалдау тәртібіне өзгеріс енгізу мәселесі әлі қаралып жатыр. Бұл туралы Air Astana компаниясының жерүсті қызмет көрсету жөніндегі вице-президенті Александр Небога мәлімдеді.

Оның айтуынша, музыкалық аспаптарды қол жүгінде немесе багажда тасымалдау ережесі олардың көлеміне байланысты белгіленеді. Себебі аспаптардың түрі де, өлшемі де әртүрлі болады. Ірі көлемдегі музыкалық құралдар мен жабдықтар әдетте арнайы қапталып, жүк бөлігінде жеткізіледі.

Ал шағын музыкалық аспаптарға қатысты талаптар ресми түрде жарияланған және Қазақстанда қолданыстағы стандарттар мен нормаларға негізделген. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі бірлесіп, қолданыстағы талаптарға өзгеріс енгізу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Соның ішінде домбыраны тасымалдау мәселесі де белсенді түрде талқыланып жатыр, - дейді Александр Небога. 

Оның сөзінше, ережелер өзгерген жағдайда Қазақстан аумағында жұмыс істейтін барлық әуе тасымалдаушыларына тиісті нұсқаулық беріледі. Яғни жаңа талаптар барлық компанияларға бірдей қолданылмақ.

Еске салайық, наурызда Қазақстанда ұшақпен музыкалық аспаптарды тасымалдау тәртібін біріздендіру жоспарланып отырғаны хабарланған болатын.

Көлік вице-министрі Талгат Ластаев ұлттық аспаптарға қатысты ережелерді алдағы бір ай ішінде бекіту жоспарланып отырғаны мәлімдеген. 

Тағы оқи отырыңыздар:

Домбыраны "харам" деген ер адам қамауға алынды

Times Square-де Наурыз тойланды: Нью-Йорк төрінде қазақтың күйі күмбірледі

Жарты миллион қазақстандық бала бір мезгілде көпшілікке танымал күйлерді орындады