Домбырамен өз дауысымды ұштастырғым келеді - Папа
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің жалпы отырысында Рим Папасы Франциск съездің маңыздылығы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Құрметті дін басшылары, мемлекет өкілдері және халыққаралық ұйымдардың өкілдері, азаматтық қоғамның өкілдері барлығымызды бірікітіретін бауырластықтың құрметіне, аспанның ұлдары мен қыздары ретінде сіздерге қошеметімді білдіремін. Жаратушының алдында біз жаратылған мәңгілік адамдар емеспіз. Қарапайым әйелдерде бейбіт жолда ілгері өмірлерін кешеді. Бізді біріктіретін съездың арқасында бауырластық орнайды. Олар біздің жеке мүдделерімізге тиісті емес, ол біздің бауырластығымызға тән қасиеттер. Біз баршамыз басқа адамдармен бірге өмір сүреміз, - деді Понтифик.
Рим папасы елімізден үлкен сауда жолдарының болғанын атап өтті.
Сіздердің аумақтарыңыздан жібек жолы өтті. Көптеген діндер мен наным-сенімдер болды. Әртүрлі тарихи оқиғалар болды. Қазақстан алыс қашықтықта болғанын қарамастан, бейбіт өмір сүрсін. Адамгершілік пен жақсылық молайсын. Және әр адамның ар-ожданы мен ынтымақтастық жасауға ұмтылсын. Бейбітшілік жолына баратын әртүрді дәстүрлер бар. Мен сіздердің ұлттық аспаптарыңыз домбыраны өзіме қабылдадым. Мен музыкалық аспаппен өз дауысымды ұштастырғым келеді, - деді Рим папасы.