Доллардың өсуі азық-түлік бағасына әсер ете ме?
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамының өзгеруі импортқа әсер ететінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Біз реалистпіз. Доллар бағамының өзгеруі басқа елдерден әкелінетін тауарлардың құнына әсер етуі мүмкін екенін білеміз. Десе де азық-түлікті өзімізде қамтамасыз етілген тауарлардың қатарына жатқызар едім. Сондықтан азық-түлік бағасы өзгермеуі керек, - деді Тимур Сүлейменов Ұлттық банкте өткен баспасөз мәслихатында.
Осыған дейін Ұлттық банк инфляция қашан 5 пайызға түсетінін айтты. Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов теңгенің құнсызданып бара жатқанын мойындады. Валюта бағамының өзгеруіне байланысты бюджет қайта қаралуы мүмкін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Доллар тағы қымбаттай ма немесе "жыртықтарды жамау" керек
Өзгелердің жаңалығы