Доллардың бүгінгі бағамы қандай

Ұлттық банктің 2 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 518,14 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,27 теңге. Еуро — 537,57.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 518,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 521,2 теңге. Еуро 537,5 — 541,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 516,8 теңге, сатып алу құны — 522 теңге. Еуро 537,5 теңгеден сатылып, 543 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,18 — 5,29 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 31 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,99 теңгеге төмендеп, 518,20 теңге болған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы