Доллардың бүгінгі бағамы қандай?
Ұлттық банктің ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 522,49 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,06 теңге. Еуро — 547,88.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 522,73 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 526,75 теңге. Еуро 547,34 — 553,66 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 522,01 теңге, сатып алу құны — 529 теңге. Еуро 545,84 теңгеден сатылып, 553,04 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,01 - 5,12 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 13 желтоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,10 теңгеге төмендеп, 522,80 теңге болған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мені алаңға алып шыққан аталарымның рухы - желтоқсаншы
Келесі жаңалық
Алматыда Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтары қойылды
Өзгелердің жаңалығы