Доллардың бүгінгі бағамы белгілі болды
Ұлттық банктің 1 ақпанға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 518,14 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,27 теңге. Еуро — 537,57.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 519,2 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 521,5 теңге. Еуро 537,6 — 541,8 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 516,2 теңге, сатып алу құны — 522 теңге. Еуро 537,5 теңгеден сатылып, 544 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,17 — 5,30 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 31 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,99 теңгеге төмендеп, 518,20 теңге болған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ХАМАС Израильдің тағы екі тұтқынын босатты
Өзгелердің жаңалығы