Доллардың бүгінгі бағамы белгілі болды

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 529 – 533 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 18 қаңтарға ұсынған ресми бағамы – 1 долларға 530,12 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,17 теңге. Еуро – 546,08.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 530,8 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 533,1 теңге. Еуро 545 – 549 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 530,5 теңге, сатып алу құны – 534,8 теңге. Еуро 545 теңгеден сатылып, 549,8 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,09 - 5,22 аралығында саудаланып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Архив BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы