Доллар төрт күн қатарынан арзандап келеді – жаңа минимум тіркелді

АҚШ долларының бағамы төмендеуін жалғастырып, 500 теңге деңгейінен төмен тұрақтап тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан қор биржасының (KASE) дерегінше, 4 желтоқсандағы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 499,65 теңгеге дейін арзандады. Тәулік ішінде америкалық валюта тағы 3,98 теңгеге төмендеді. Бұл – соңғы апталардағы тенгенің тұрақты нығаю үрдісінің жалғасы.

Нақты айналымдағы саудада да құлдырау байқалады, дегенмен айырбастау пункттері дәстүр бойынша біршама жоғары бағамен ұстап отыр. Ел бойынша орташа көрсеткіштер:

• Доллар: сатып алу – 501-502,5 тг, сату – 503-507 теңге;
• Еуро: сатып алу – 580-583 тг, сату – 587-590 теңге;
• Ресей рублі: сатып алу – 6,4-6,47 тг, сату – 6,49-6,55 теңге.

Мамандар тенгенің бірнеше апта бойы күшеюін бірқатар факторлармен байланыстырады. Оларға:

-  әлемдік нарықтардағы доллардың түзетілуі,
- шетелдік инвесторлардың қазақстандық активтерге қызығушылығының артуы,
- теңгелік қаржы құралдарының тартымдылығы,
- макроэкономикалық тұрақтану жатады.

Экономистердің айтуынша, соңғы сауда динамикасы ұлттық валютаның сенімді нығаюын көрсетіп отыр. Дегенмен алдағы қозғалыс жаһандық қаржы жағдайы мен маусымдық валюта сұранысына байланысты болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық банк тенгенің күрт нығаюының себептерін түсіндірген болатын.

Сондай-ақ, экономист Айбар Олжайдың 2026 жылғы доллар бағамына қатысты болжамын білген едік.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архиві/ Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы