Доллар тағы қымбаттады

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы 2,44 теңгеге көтеріліп, 479,51 теңгені құрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,80 теңгеге (-0,07) түсті.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы сәл көтеріліп, 70,84 теңгеге (+0,40) жетті.

Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын 486,73 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 479-483 теңге, еуро 491-499 теңге, ресей рублі 7,2-7,65 теңге аралығында сатылуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы