5 Ақпан 2025 2025, 16:10 Фото: архив

Доллар тағы 4 теңгеге арзандады

Қазақстандық қор биржасында KASE күндізгі сауда нәтижелері бойынша доллардың орташа есеп бағамы 515,97 теңге болып, 4,14 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық қор биржасында күндізгі сауда нәтижелері бойынша доллардың орташа есеп бағамы 515,97 теңге болып, 4,14 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

5 ақпандағы Ұлттық банктің ресми бағамы 520,27 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Алматыдағы айырбастау пунктерінде қазіргі кезде долларды сатып алу орташа есеппен 517,08 теңге, сату – 519,22 теңге. 

Астанада айырбастау пунктері долларды орташа есеппен 515,58 теңгеге сатып алып, 521,58 теңгеден сатып жатыр.