Доллар қымбаттады

Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы кейбір ақша айырбастау орнында доллар бағамы 399 теңге, ал Нұр-Сұлтан қаласында 402 теңге көлемінде сатылып жатыр. 


Ал Ұлттық Банктің 9 наурыздағы ресми бағамында доллар 382 теңге мөлшерінде бекітілген. 


Елімізде доллар бағамы тікелей мұнай бағасына тәуелді екені белгілі. Дүйсенбі күні Азия нарығындағы мұнай бағасы бірден  31% түсіп кеткен. Бұл ОПЕК елдерінің мұнай өндіру көлемін төмендету бойынша бір келісімге келе алмауынан болып отыр. 

Ірі мұнай өндіруші әрі ОПЕК-ке кіретін Сауд Арабиясы жұма күні Brent маркалы мұнай бағасын ресми түрде төмендететінін және күніне 10 млн бареллге дейін өндіретінін мәлімдеген соң мұнай бағасы 31 долларға дейін түсіп кетті.  

Бұл жағдай экономикасы шикізатқа тәуелді елдерге бірден әсер ететіп, бірден шетелдік валютаның көтерілуіне әкелетінін белгілі. Қазір еліміздің кейбір ақша айырбастау орындарында  доллар – 399 теңге, еуро- 449 теңге, рубль- 5,63 теңгеге дейін көтерілген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы