Доллар қазақстандықтардың жағдайына қалай әсер етеді
Премьер-министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров доллар бағамы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның сөзінше, бюджетті құру кезінде бір доллардың орташа жылдық бағамы 467 теңге болған.
Қазір ол орта есеппен 461 шамасында, яғни біз бюджеттік тұрғыдан алғанда, осы орташа жылдық мөлшерлемені сақтайтын болсақ, біз жоспарлаған кіріс деңгейін қамтамасыз етеміз және жасай аламыз. Өздеріңіз білетіндей, біз әлеуметтік салаға және азаматтарымыздың әлеуметтік әл-ауқатын сақтауға жұмсайтын бюджетімізді қаржыландырамыз, яғни біз үшін бұл бағыттың біз жоспарлағандай дамуы өте маңызды, - деп түсіндірді Байбазаров.
ҰЭМ басшысы мемлекет өзінің барлық міндеттемелерін, соның ішінде зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерін жыл сайын индексациялауды орындап келе жатқанын қоса кетті.
Олардың барлығы бюджет кірісі есебінен 10 айдың және бір жылдың қорытындысы бойынша бұл міндеттемелердің барлығы толығымен орындалады, - деп айтты Үкімет мүшесі Мәжіліс кулуарында.