Доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

Ұлттық банктің 22 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 502,47 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,68 теңге. Еуро — 525,83, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 507 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 503 теңге. Еуро 527— 532 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 509,6 теңге, сатып алу құны — 503 теңге. Еуро 533 теңгеден сатылып, 526 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,56 - 5,75 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 21 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,28 теңгеге қымбаттап, 503,22 теңге болған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы