Доллар немесе теңге: депозитті қай валютада сақтаған дұрыс?

2025 жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстанда депозиттердің ең жоғары мөлшерлемелерін реттеу тоқтатылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы ретте, қаржы сарапшысы Дулат Мыңбаев бұл өзгерістің депозитке ықпалы қандай екенін түсіндірді.

Бұған дейін теңгедегі депозиттер тиімдірек саналатын, өйткені олардың пайыздық мөлшерлемесі Ұлттық банктің базалық ставкасына байланысты болды. Ал валюталық депозиттер тұрақты төмен мөлшерлемемен ұсынылатын, - дейді сарапшы.

Оның айтуынша, банктердің мөлшерлемені өздігінен белгілеуі бәсекелестікті күшейтеді.

Соның арқасында салымшылар үшін тиімді шарттар пайда болуы мүмкін. Әсіресе, ұзақ мерзімді депозиттер тартымды бола бастайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - Архив
Өзгелердің жаңалығы