Доллар бағамы 7 теңгеге арзандады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.
Бұл туралы Қазақстан қор биржасы хабарлады.
Күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 7,38 теңгеге төмендеп, 475,92 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 23-25 шілдедегі доллардың ресми бағамы - 483,88 теңге.
Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 477,86 теңге, сату – 482,32 теңге.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Райымбек пен Кеген ауданының халқы наразылыққа шықты
Өзгелердің жаңалығы