Доллар арзандады: Қазақстанда бағам 4,4 теңгеге төмендеді
Қазақстанда 4 ақпанда өткен сауда-саттық нәтижесінде доллар бағамының қандай деңгейде екені белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстан қор биржасы KASE-дегі күндізгі сауда қорытындысына сәйкес, АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 498,65 теңгені құрады. Осылайша, бір күн ішінде доллар 4,4 теңгеге арзандады. Нәтижесінде нарық үшін маңызды межелердің бірі саналатын 500 теңгелік "психологиялық шектен" қайта төмен түсті.
Бұған дейін, 2025 жылғы 4 желтоқсанда сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 499,65 теңге болған.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 4 ақпанға белгіленген ресми бағамы – 503,44 теңге.
Ал kurs.kz дерегінше, қазіргі уақытта Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы мынадай болып отыр:
Алматыдағы айырбастау орындарындағы орташа бағам:
- сатып алу – 498,66 теңге;
- сату – 501,31 теңге.
Астанадағы айырбастау орындарындағы орташа бағам:
- сатып алу – орта есеппен 497,04 теңге;
- сату – 504,04 теңге.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы