Дохадағы Әлем кубогі: Милад Карими бес жаттығу бойынша финалға өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дохада спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңі жалғасуда. Қазақстандық Милад Карими бес жаттығу бойынша финалда бақ сынайды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бүгін Карими қоссырықтан ақтық сынға өті. Ол іріктеуде бесінші нәтиже көрсетті. Сондай-ақ, кермедегі жаттығудан екінші, қол тіреп секіруден бесінші орынмен финалда сынға түсу мүмкіндігін алды.
Бір күн бұрын Милад гимнастикалық ат снаряды мен еркін жаттығудан финалға өткен болатын.
Сондай-ақ Нариман Курбанов (гимнастикалық ат) пен Ілияс Азизов (еркін жаттығу) те жүлдеге таласады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада Сирия мәселесі бойынша халықаралық кездесу өтеді
Өзгелердің жаңалығы