Dogs марафон: елордалық Триатлон саябағында иттер жарысы өтеді

17 тамызда Триатлон саябағында Dogs марафоны өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Жарысқа кез келген тұқымды иттер қатыса алады. 

Негізгі ереже: қарғыбауды немесе амортизациялы тартқышты және тұмылдырықты қолданыңыз. 

Жануарларға сыйлық ретінде YUKI-SAN тәттілер дайындалды. 

Марафонға тіркелу 17 тамызда сағат 08:00-де басталады, ал жарыстың өзі 09:00-де басталады. 

Іс-шара Астана әкімдігінің қолдауымен және қазақстандық иттер спорт федерациясының елордалық филиалының қатысуымен өтеді. Қосымша ақпарат: +7 700 543 8585, Әділ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қаласының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы