DMZ. Фотокөрме. Қақ жарылған Корея

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы Корей Республикасы жанындағы Корей мәдени орталығында Демилитаризация зонасына (DMZ) арналған онлайн көрме өтіп жатыр. 

Demilitarized Zone – Корей түбегін екіге бөлетін зона. Солтүстік полюстен 38-параллельді қиып өтеді. Ені – 4 км. 

Қазақстанда COVID-19 індетенің таралуын болдырмау мақсатында бұл көрмені үйде отырған қазақстандықтар үшін ұйымдастырып отырмыз. Карантин кезінде де Корей мәдениетімен танысқысы келетіндерді көрмені тамашалауға шақырамыз, - деді Корей мәдени орталығының директоры Ли Херан ханым. 

Директордың айтуынша, DMZ-дағы табиғат әлі күнге дейін өз қалпында сақталған. 

Бұл көрмеде Оңтүстік және Солтүстік Кореяны бөліп тұрған Демилитаризация зонасынан (DMZ) фотолар ұсынылған. Суреттерден DMZ аймағы мен Чхорван районындағы бірнеше онжылдық бойы сақталған эко-жүйе мен әдемі табиғатын байқауға болады. Бұл жұмыстардың авторы Чхорвон районының әкімшілігі. 

Сондай-ақ орталық директоры жақында Кореяда болған қазақстандықтың ерлігі туралы айтты. 

Жақында Әли есімді Қазақстан азаматы Кореяда өрт кезінде 10 адамды құтқарып қалды. Бұл оқиға көп корейлік пен қазақстандықтың жүрегіне жылу сыйлағаны анық, деді ол. 

Ли Херан ханымның айтуынша, биыл орталықтың ашылғанына 10 жыл толып отыр. 

Қазіргі ахуал барлығымыз үшін қиын. Корей мәдениет орталығы да ҚР үкіметінің COVID-19 індетімен күрестегі барлық шарасын қолдайды. Осы ретте біз де үйден шықпай-ақ көріп, оқуға болатын корей мәдениеті туралы түрлі контент әзірлеп жатырмыз. Біз бұл қиындықтан бірге шығатынымызға, жеңетінімізге сенеміз. Сонымен қатар биыл орталықтың ашылғанына 10 жыл толып отыр. Осы орайда центр түрлі іс-шаралар ұйымдастырды. Дегенмен індеттің таралуына байланысты кейбір шараны өткізбеуге тура келді. Біз жағдайдың тезірек шешіліп, қонақтарымыз үшін дайындаған Корей мәдениетінің әсерлі кештерінде жолығуға асықпыз, - деді ол. 

Бұл көрмені кез келген уақытта Корей мәдени орталығының сайтынан тамашалауға болады.

Естеріңізге сала кетейік, Корей мәдени орталығы 2010 жылы наурызда елордада ашылған. Айта кетейік бұл Орталық Азиядағы жалғыз орталық. Биыл ашылғанына 10 жыл.

Сондай-ақ, естеріңізде болса, өткен жылы редакциямыздың тілшілері DMZ-ні өз көздерімен көріп, бірнеше мақала әзірлеген болатын.

DMZ. Арандап қалған бауырлар дорамасы.

38-параллель. Параллель корейлер.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы