19 Қыркүйек 2024 2024, 15:09 Фото: Gov.kz

Дмитрий Малахов жаңа қызметке тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.

Дмитрий Михайлович Малахов 1974 жылы Ақмола облысы Көкшетау қаласында туған. 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы жоғары мектебін (1991-1995), Т.Рысқұлов атындағы Экономика және қаржы университетін (2003-2005) бітірген. Мамандығы «Заңгер – құқықтанушы, экономист». 

Ішкі істер органдарында, қаржы полициясында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте және экономикалық тергеу қызметінде жұмыс істеген. 

2004-2019 жылдары Ішкі істер министрлігі, Қаржы полициясы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы облыстық және орталық аппараты басқармалары басшысының орынбасары; 

2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті Операция басқармасының басшысы; 

2020-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары; 

2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары; 

2023 жылдан бері Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары. 

2024 жылғы 13 ақпаннан бері ҚР ҚМА төрағасы қызметін атқарып келді.

2-дәрежелі «Айбын» орденінің және мерейтойлық және ведомстволық наградалардың иесі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет генерал-майоры (05.06.2022 ж.)