Дмитрий Баландин жүзуден ел чемпионатына қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде жүзуден Қазақстан чемпионаты басталды. Біріншілікте еліміздің 14 өңірінен 16 команда қатысуда деп жазады Olympic.kz.  

Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мақсатында  турнир көрермендерсіз өтуде. 23-27 қараша аралығында әйелдер арасындағы жеңімпаздар анықталды. 27-29 қарашада ерлер сынға түседі. Қатысушылардың барлығы коронавирусқа арнайы тест тапсырып, бәрі теріс нәтиже көрсеткен. Бұл чемпионат қазақстандық спортшылар үшін 2020 жылдағы соңғы жарыс болмақ. Елдегі және әлемдегі ахуалға байланысты бұдан былай турнирлер өткізілмейді, - дейді су спорты түрлері Федерациясының бас хатшысы Сергей Дроздов. 

Бүгін Қазақстан командасының үздігі, Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин жарысты бастайды. Сондай-ақ, Азия ойындарының жүлдегерлері Әділбек Мусин, Александр Варакин мен Әділ Қасқабай да қатарда.    

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы