Баландин әлемдік турнирдің ІІ кезеңінде қола жүлдегер атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Будапештте жүзуден әлемдік Champions Swim Series турының екінші кезеңі аяқталды. Қазақстандық Дмитрий Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуден қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Баландин аталған қашықтықты 2:10.73 уақыт көрсеткішінде жүзіп өтіп, үздік үштікке енді. Әлемдік турнирдің бұл кезеңінде ресейлік Антон Чупков тағы да көш бастаған. Оның уақыт көрсеткіші - 2:08.23.
Екінші орында 2:08.61 нәтижесімен жапондық Иппэй Ватанаба. Айта кетелік, тап осы жапондық спортшы 200 метрге брасс әдісімен жүзуден әлемдік рекордтың иегері (2:06.67).
Аралас эстафетада Дмитрий Баландин екінші рет қола медаль иеленді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
대한민국 역사 박 불관. Музей ғой
Өзгелердің жаңалығы