ДКО. Бір мергеніміз финалда
Дәстүрлі садақ атудан Қанат Қасымхан финалға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында дәстүрлі садақ атудан ерлер арасындағы сында еліміздің спортшысы 32 елден келген 95 мергеннің ішінен 1/4 финалға өтті – дейді Ұлттық және ат спорты орталығының баспасөз хатшысы Жадыра жүсіп Түркия төрінен сүйіншілі жаңалықты жеткізіп.
Түркияның Изник қаласында жалауын көтерген IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына елімізден 50-ден астам спортшы бақ сынап жатыр. Олардың қатарында Диас Ахметов, Аяулым Аппазова, Мұрат Габдусалимов, Ахмет Мугалов, Алдияр Нұрғазиев, Азамат Нұртаев, Али Сессигюзел, Ербол Тапенов, Анжела Тарыца, Айым Тілепберген, Бақберген Сәлімов, Абылайхан Қанат, Қасымхан Қанат, Ләззат Устемирова, Мұхтархан Абаған және Ердәулет Жаханша қатарлы 16 мерген Дәстүрлі садақ атудан сынға түскен болатын.
Бүгін тарих жазылып жатыр. Алдында Қанат Абылайхан Әлем Кубогін жеңді. Ал бүгін тағы бір шәкіртім, мақтанышым Қанат Қасымха Бүкіл Әлем Көшпенділерінің І-ші орынына таласады - дейді белгілі мерген Диас Ахметов.
Бұған дейін кешегі ойында Қасымхан Қанат, Али Сессигузель, Азамат Нұртаев жартылай финалға жолдама алса, әйелдер арасында үздік 16 мергеннің қатарына Айым Тілепберген мен Аяулым Аппазова бар екенін хабарлаған болатынбыз.