ДКО. Алғашқы күннің нәтижесі

Түркияның Изник қаласында басталған IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы күні мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

29 қыркүйек күні көкпар алаңына шыққан Қазақстан ұлттық құрамасы мен Өзбекстан құрамасы арасында аса тартысты ойын өте қойды деу қиын. 

Біздің жігіттер үшін бұл ойын "дене қыздыру жаттығуы" болды десек те болады.

Екі таймнан тұратын додада командалар шеңберге ойнады. 

Есеп – 8:1, біздің жігіттер дес бермеді. 

Ә дегеннен ойынды қыздырған Құрманбек Тұрғанбек 3 салым салса, «кран» атанып кеткен қыран көкпаршы Абылайхан Нышанбеков, Арман Жамалбеков, Ынтымақ Әліпбаев, Ислам Рәт және Айнабек Бердіқұл қатарлы көкпаршыларымыз бір-бір салымнан салып үлгерді.

Бүгін көкпаршылар Моңғолия командасымен кездеседі.

Дәстүрлі садақ атудан Қасымхан Қанат, Али Сессигузель, Азамат Нұртаев жартылай финалға жолдама алды. 

Әйелдер арасында үздік 16 мергеннің қатарына Айым Тілепберген мен Аяулым Аппазова енді.

Алғашқы күнді жақсы жетістіктермен бастаған спортшыларға сәттілік тілейміз!

Көкпардың финалдық кездесуі 2 қазан күні өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Түркияда өтіп жатқан IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 50-ден астам спортшы ел намысын қорғап, спорттың 5 түрінен сайысқа түсіп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы