Дизотынның бағасы қанша?

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Техникалық жабдықтауға келетін болсақ, жалпы егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін республикада 147,7 мың трактор, 38,1 мың астық жинайтын комбайн, 13,3 мың дестелегіш, 73,4 мың трактор тіркемесі бар. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында жаппай егін жинау жұмыстарын бастау үшін «Жасыл даму» АҚ қаражаты есебінен ауыл шаруашылық техникасын жеңілдікпен несиелендіру тетігі пысықталды, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Айтуынша, жеңілдікті лизингке шамамен 40 млрд теңге бағытталған. 

Егін жинау жұмыстарын уақытылы жүргізу үшін ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне 423,5 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. Өткен жылмен салыстырғанда әкімдіктердің сұрауы бойынша қосымша 27 мың тонна дизотын бөлініп отыр. Энергетика министрлігімен бірлесіп облыс операторларын мұнай өңдеу зауыттарына бекіту кестесі анықталды. Жергілікті атқарушы органдардың хабарлауынша, шілде және тамыз көлемдерін өңірлер толығымен алып отыр. Қазіргі уақытта облыс операторлары дизель отынының қыркүйек айындағы көлемі үшін шарттар жасасу, төлеу және жөнелту рәсімдерін жүргізуде. Мұнай өңдеу зауыттарынан дизель отынының бағасы тоннасына 222 мың теңгені немесе литрына 184 теңгені құрайды. Операторлардың шығындарын ескере отырып, фермерлер үшін республика бойынша орташа баға 203 теңге/литрға тең, - деді Әбілқайыр Тамабек. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы