Дияс Гонконгтағы жарыстың жартылай финалына шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Гонконгта өтіп жатқан ITF World Tennis Tour Women's 25K Hong Kong турнирінің 1/2 финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Дияс ширек финалдағы ойында грузин теннисшісі Екатерина Горгодзені 6:0, 7:6 (2) есептерімен жеңді. Корттағы тартыс 1 сағат 31 минутқа созылды.
Финалға шығу үшін жерлесіміз америкалық Сачия Викеримен кездеседі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Apple акциясы алғаш рет 300 доллардан асты
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы