Жұмыспен қамту орталығының директоры пара берді деген күдікке ілінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директорын пара берді деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының орынбасары - делдал арқылы жүргізілген жоспарлы тексеру қорытындысы бойынша заң бұзушылықтарды көрсетпей акт толтырғаны үшін «Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ мемлекеттік аудиттің бас маманына 400 мың теңге сомасында пара берді деген күдікке ілінді. 

Аталған лауазымды тұлғалардың пара беруге және оны алуға делдалдыққа қатыстылығы тексерілуде.

Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді олардың кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы