Қазақстанның бірқатар шет мемлекеттегі дипмиссиясы қайта құрылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алты мемлекеттегі дипломатиялық миссияны қайта құру туралы қаулы етті.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алты мемлекеттегі дипломатиялық миссияны қайта құру туралы қаулы етті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Қазақстан Республикасының Белград қаласындағы (Сербия Республикасы) дипломатиялық миссиясын қайта құру туралыҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Белград қаласындағы (Сербия Республикасы) дипломатиялық миссиясы Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Елшілігі ретінде қайта құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, президент Қазақстан Республикасының Братислава қаласындағы (Словак Республикасы), Лиссабон қаласындағы (Португалия Республикасы), Рига қаласындағы (Латвия Республикасы), София қаласындағы (Болгария Республикасы) дипломатиялық миссиясын қайта құру туралы да қаулы етті.
Келесі кезекте мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Таллинн қаласындағы (Эстония Республикасы) Консулдығын қайта ұйымдастыру туралы қаулы етті.
- Олимпиада-2026: Аяна Жолдас фристайлдан 21-орынға тұрақтады 20:37
- Инфляцияны тежеу үшін ішкі нарық отандық өніммен қамтылады 20:20
- Балаева: Референдум – формалды процедура емес, ол – халықтың тікелей қатысуының ең тиімді тетігі 20:02
- Тоқаев креативті индустрияға қатысты түзетулерді бекітті 19:44
- Ұлыбритания Елшілігінің қолдауымен 90 журналист арнайы жобаға қатысты 19:21
- Отардағы сарбаз ісі: Сержант үндеу жариялады 19:01
- Бал экспорты рекорд жаңартты: 1 477 тонна шетелге жөнелтілді 18:46