«Дипломмен - ауылға». Павлодарға барған 6600 азамат көтермеақы алды

Ертіс өңірінде «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы іске қосылғалы бері 2800 жас азамат тұрғын үй несиесін алса, 6600-ден астам маман көтермеақамен қамтылған, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Әлібек Каленовтің хабарлауынша, ауылдық елді мекендердің кадрлық әлеуетін арттыру үшін барынша қолдау көрсетіліп келеді.

Ауылға келген жастарға әлеуметтік көмектің екі түрі көрсетіледі. Алғашқысы, баспана сатып алуға немесе құрылысына несие ұсынылады. Көлемі 15 жылға дейін 15 мың АЕК-ке дейін. Екінші шара – бір реттік көтермеақы. Оның көлемі 100 АЕК-ке тең. Жас мамандар екі әлеуметтік көмекке қатар ие бола алады. Бұл жобаларға жоғары білімі бар жас және баспанасы жоқ тұрғындар қатыса алады. Жас кадрлар «Дипломмен - ауылға» бағдарламасының негізгі талабы – елді мекенде үш жыл еңбек ету. Талап бұзылса, мемлекеттік қаражаты қайтарылады, - дейді Әлібек Каленов.

Биыл жас мамандарға жалпы құны 900 млн. теңге болатын 200-ге жуық несие беріледі деп күтілуде. Сонымен қатар 482 маман көтермеақы алады.

Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта қолдау көлемін арттыру мәселесі қаралып жатыр. Нақты айтқанда, 2024 жылдан бастап бағдарлама қатысушылары үшін несие көлемі 2,5 мың АЕК дейін көтерілмек. Яғни 8,6 млн. теңге. Бүгінде ауылдарда ауыл шаруашылығы, білім беру салаларына білікті мамандар қажет.

Еске сала кетейік, елімізде «Дипломмен - аулыға» бағдарламасы 2009 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы