"Дипломмен – ауылға": Қостанай облысында 421 маманға көтерме жәрдемақы төленеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Қостанай облысында "Дипломмен – ауылға!" барған 421 жас маманға жәрдемақы төленеді. Бұл туралы аталған жобаны іске асыру мәселесі бойынша облыс әкімдігінің отырысында талқыланды.

Өңірде жобаны іске асыру барысы туралы облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлбарам Мұсағазина баяндады.
  
Жоба іске асырыла бастағаннан бері (2009 жылдан бастап) ауылдық жерлерге 5,1 мыңнан астам маман келді, - деп атап өтті басқарма басшысы. 

Сала басшысының мәліметінше өткен жылдарда жоба аясында 6,1 млрд теңге, оның ішінде көтерме жәрдемақы төлеуге –  618,0 млн теңге, тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредиттер беруге 5,5 млрд теңге бөлінген.

2020 жылы республикалық бюджеттен тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредиттердің көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 55%-ға ұлғайды - 1 млрд 495,2 млн теңгені құрады.

Сонымен қатар, 359 қызметкерді несиелеу жоспарлануда.
  
421 маманға 117,0 млн теңге көлемінде көтерме жәрдемақы қарастырылған, - деді Гүлбарам Мұсағазина.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы