Дипломаттар жыл сайын психологиялық тестілеуден өтеді

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жыл сайын шетелге шығар алдында Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері арнайы тестілеуден, түрлі комиссиядан, сондай-ақ психологиялық, медициналық тексеруден өтеді. Жақында Мемлекеттік қызмет істер агенттігімен бірлесіп бұл жұмысты қолға алдық. Яғни барлық қызметкер психологиялық және эмоционалдық тұрғыдан арнайы тестілеуден тағы да өтеді, - деді Смадияров.

Оның айтуынша, дипломатиялық жұмыстың сипатына қарай әр қызметкер тексерістен өтуі керек.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы