10 Наурыз 2026, 15:53 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Дипломатиялық миссиялар жұмысын тоқтатқан жоқ – СІМ

Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты кейбір мемлекеттердегі сайлау учаскелерінің жұмысы уақытша тоқтатылды.

Сыртқы істер министрлігі өкілінің айтуынша, өңірдегі қауіпсіздік жағдайына байланысты бірқатар елдерде сайлау учаскелерінің жұмысы уақытша тоқтатылған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты кейбір мемлекеттердегі сайлау учаскелерінің жұмысы уақытша тоқтатылды.

Сонымен бірге ол бұл шешім дипломатиялық өкілдіктердің елден кетіп жатқанын білдірмейтінін атап өтті.

Дипломатиялық миссиялар жұмысын тоқтатқан жоқ. Керісінше, олар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Қазіргі негізгі міндет – сол елдердегі Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қажет болған жағдайда олардың елге қауіпсіз оралуына көмектесу,– деді ол.

Министрлік өкілінің айтуынша, Қазақстан дипломаттары өңірдегі жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отыр.