Діни ағымдардың ықпалында болған 148 азамат қоғамға бейімделді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы кеше ӨКҚ алаңында өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігі Дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров айтты, деп жазады Kazislam.kz.
Бүгінде Жамбыл облысында деструктивті діни ағымдардың ықпалына ұшыраған азаматтарды оңалту және қоғамға бейімдеу бағытында жеке адрестік жұмыстар жүргізілуде. Бүгінге дейін облыс бойынша 911 азамат деструктивті діни ағымдардың ықпалында жүр. (Өткен жылы 961 адам болған).
2015 жылдан бүгінгі күнге дейін жүргізілген оңалту жұмыстарының нәтижесінде, деструктивті діни бағыттағы 709 азамат қоғамға бейімделсе, оның 148-іне ағымдағы жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қол жеткізілді.
Бүгінгі таңға алыс шетелдік діни оқу орындарында оқитын азаматтардың саны – 20 адамды құрайды. Аталған 20 азаматтың 7-і Түркияда, 4-і Египетте, 3-і Пәкістанда, 3-і Сауд Арабиясында, 2-і Қырғызстанда, 1-і Иорданияда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда қонақ үйлерге тұрақтайтындар азайған
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы