Діндер лидерлерінің съезінде не талқыланады? – сарапшы жауабы
Соңғы жылдардағы жаһандық мәселелерден кейін адамзатқа тыныштық қажет. Бұл туралы Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры Төлеутай Сүлейменов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ауқымды іс-шарада әлем елдерінің қазіргі тұрмыс-тіршілігі және қандай әлемдік мәселелер күн тәртібінде тұрғаны туралы түрлі ойлар талқыланады. Өздеріңізге мәлім, қазіргі таңда әлемдегі экономикалық жағдай аса мәз емес. Түрлі санкциялар мен шектеулер көптеген елдің экономикасына кері әсерін тигізді. Съезде дін көшбасшылары қазіргі әлем туралы қандай пікірде сонымен бөліспек. Бейтбітшілік және соғыстың басталмауын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асатын стретегиялық бағыттарды қарастырады деп ойлаймын, - деді Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры.
Еске салай кетейік, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізуге дайындық қарқынды жүріп жатыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі жағдайда съезд өткізудің маңызы жоғары екеніне тоқталды. Сондай-ақ жаһандық диалог мәдениетін ілгерілету қажеттігін және елімізге осы үдеріске қатысуы маңызды екенін атап өткен еді.