Дін көшбасшыларының келесі съезі қашан және қайда өтетіні белгілі болды

Бұл туралы Сенат спикері Мәулен Әшімбаев елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Форумға қатысушылар мен қонақтар адамзаттың пандемиядан кейінгі кезеңдегі рухани-әлеуметтік дамуының күн тәртібін жан-жақты талқылады. Сондай-ақ геосаяси сын-қатерлерді еңсеріп, қақтығыстарды тоқтату, бейбітшілікке қол жеткізіп, оны нығайту жолындағы діндердің рөлі мен әлеуеті айқындалды. Дін лидерлері  съез мінберінен бейбітшілік пен диалогты қолдауға арналған маңызды ойлар айтты. Мұндай идеялар мен ұсыныстар үйлесімді әрі өркендеген әлем құруға өз үлесін қосады деп сенеміз, - деді Мәулен Әшімбаев. 

Айтуынша, съездің барлық қатысушыларына Декларация жобасы таратылып берілген. 

Съез хатшылығының отырысында сонымен қатар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің келесі съезін өткізу мерзімдері қаралды. Оны 2025 жылы Қазақстанның астанасында өткізу ұсынылды. Тиісті ереже Декларацияға енгізілді, - деп атап өтті Сенат спикері. 

Еске сала кетейік, бүгін астанада екінші күн қатарынан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі өтіп жатыр. Санаулы сәттерден соң съезд салтанатты түрде жабылады. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы