Дін көшбасшылары съезі дінаралық және мәдениаралық түсіністікке жол ашады
VIII Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съезі "Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия" тақырыбымен 2025 жылғы 17-18 қыркүйекте Астана қаласында өтеді. Шараға әлемнің шамамен 60 елінен делегациялар қатысуы жоспарлануда. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Гауез Нұрмұхамбетовтің пікірінше, бұл съезд Қазақстанның халықаралық деңгейдегі диалог алаңы ретіндегі беделін одан әрі нығайтып, дінаралық және мәдениаралық түсіністікті арттыруға мүмкіндік береді.
- Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съезі Мемлекет басшысының бастамасымен халықаралық беделді диалог алаңына айналды. Осы уақыт ішінде қандай нақты шешімдер қабылданды, олардың қайсысы әлемдік деңгейде өз нәтижелерін көрсетті?
- Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезін өткізу діндерді жақындастырудың, өркениетаралық, дінаралық және конфессияаралық диалог пен келісімді дамыту мен ілгерілетудің жаңа Бірыңғай моделінің іргелі негізін қалады.
Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезін шақыру туралы ауқымды бастаманың пайда болу процесінің жаңа сапасы мен серпіні танылған әлемдік трендке айналды.
Бірінші съезден бастап көптеген қорытынды декларациялар мен тұжырымдамалар қабылданды, онда қатысушылар діндер мен мәдениеттер арасындағы бейбітшілікке, өзара түсіністікке және ынтымақтастыққа шақырады. Декларациялар діни төзімділік мәселелері жөніндегі моральдық бағдар болды. Съездің бастамашысы ретінде Қазақстан жаһандық диалогтарда делдал ретінде өзінің халықаралық беделін нығайтты. Қазақстан Республикасының Президенті мемлекет басшысы ретінде Съездің дамуына негізгі әрі саяси-стратегиялық рөл атқарады. Секретариатты тікелей басқармаса да, оның ықпалы дипломатиялық деңгейде айқын көрінеді.
- Съездің қазіргі күрделі геосаяси жағдайларда жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтудағы рөлі қандай? Қазақстан қандай үлес қосады?
- Қазіргі геосаяси шиеленістер, қақтығыстар мен мәдени айырмашылықтар жағдайында діни және мәдени айырмашылықтар әлем үшін маңызды ресурс бола алады. Съезд бірегей функцияны орындайды және әртүрлі дінге сенушілер өкілдері арасындағы ашық қарым-қатынас алаңы ретінде қызмет етеді. Рухани көшбасшылар түсініспеушілік деңгейін төмендетеді және діни стереотиптер мен радикализмді жеңуге көмектеседі. Осылайша, Қазақстан осындай іс-шараларды ұйымдастырушы және делдал рөлін қабылдай отырып, халықтар, діндер мен мәдениеттер арасында неғұрлым тығыз және құрметке ие қатынастар орнатуға жағдай жасай отырып, әлемдік қауіпсіздікке елеулі үлес қосады.
- Съезд жұмысына жастарды, ғылыми қоғамдастықты және сарапшыларды тарту үшін қандай жаңа бастамалар қарастырылуда? Бұл тәжірибе дінаралық келісім моделін болашақ ұрпаққа беруде қаншалықты маңызды?
- 2023 жылы дінаралық және мәдениетаралық диалогты дамытуға, сондай-ақ дін және руханият саласындағы жастар көшбасшыларын қолдауға бағытталған неғұрлым кең бастамалар аясында Астанада жас діни көшбасшылардың Алғашқы форумы ұйымдастырылды. Астанадағы жас діни көшбасшылар форумы жастарды, ғылыми қоғамдастық пен сарапшыларды тартудың жаңа тәсілдерін қалыптастырудағы маңызды кезең болды және оның тәжірибесі болашақта дінаралық келісімге ұзақ әсер етуі мүмкін. Форумда талқылаудан басқа, әртүрлі конфессиялар жастары арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту, жастардың діни қауымдастықтары үшін бітімгершілік бастамалар мен әлеуметтік бағдарламаларды дамытуға түрлі жобалар ұсынылды. Биылғы жылы екінші форум өтеді деп күтілуде.
Айта кетерлігі, өңірде съездің табысты моделі – Солтүстік Қазақстан облысының діни бірлестіктері көшбасшыларының клубы іске асырылуда, оған 11 конфессия өкілі кіреді. Әр түрлі конфессияларды білдіретін рухани көшбасшылар Клуб алаңына жиналып, мәселелерді талқылап, бірге шешім қабылдайды.
Облыста 11 конфессияны қамтитын 127 діни бірлестіктер мен филиалдар бар: (54 – ислам, 33 – православие, 11 – католик, 2 – пресвитериан, 6 – баптист христиан, 13 – Елуінші күн шіркеуі, 4 – жаңа Апостол шіркеуі, 1 – Иегова куәгерлері, 1 – Жетінші күн адвентистері, 1 – Евангелиялық-лютеран шіркеуі, 1 – «Сознание Кришны Солтүстік Қазақстан облыстық қоғамы»).