Дін басқармалары әр өңірде болуы керек
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы барысында осындай ұсыныс айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Алқа отырысында сөз алған Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Серік Рахметуллаұлы еліміздегі этносаралық қатынастарды нығайту министрліктің маңызды бағыттарының бірі деп баяндама жасады.
Сондай-ақ, дін істері бойынша министрлік 3 үлкен әлеуметтік зерттеу жүргізілмек.
2022 жылы жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша еліміздің дін саласындағы мемлекеттік саясатын қолдаушылар саны 88%-ға жетті. Бұл зайырлы қағидаттарлы ілгерілетуге бағытталған жүйелі жұмыстардың нәтижесі. Бірақ, талдамалық және техникалық ресурстарды күшейткенімізбен, маман тапшылығы әлі де күн тәртібінен түспей тұр. Олардың орнын толтыруға еңбекақының төмендігі мүмкіндік бермей отыр. Сондай-ақ бірқатар өңірдегі дін істері басқармаларын қысқарту мәселесі де алаңдатады. Сондықтан дін басқармалары әр өңірде әкімдіктің қолдауымен жеке ашылуы керек, - деп атап өтті вице-министр.
Отырыс барысында сөз алған Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов бұл мәселені қаңтар айының соңына дейін әкімдіктермен пысықтап, дін басқармаларын әр өңірде жасау керек деген тапсырма берілуі керек деді.