Тоқаев Димаштың жұлдызды сәтін еске алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық әнші "Димаш Құдайбергеннің "Славян базарындағы" жеңісі – оның әлемдік жұлдызға айналуының бастамасы" деп атап өтті.
Алдағы жылдары Қазақстан мен Беларусь елдерінің мәдениет өкілдері екі елде өнер көрсетеді.
"Қазақстан мен Беларусь арасындағы достық қатынастың маңызды факторы – тығыз мәдени-гуманитарлық байланыстар. Елдеріміздің бұл саладағы қарым-қатынасы шығармашылық зиялы қауым, оқу орындары мен ғылыми ұжымдар арасындағы тығыз байланыстар арқылы жандана түсті. Келесі жылы Беларусьтің мәдениет қайраткерлері Қазақстанға келіп, Қазақстан халқы алдында өнер көрсетуі керек. Өйткені қазақстандықтар беларусьтің мәдениетін сағынады. Келесі жылы біздің мәдени қайраткерлеріміз Минскіге Беларусь қалаларына баратын болады. Қазақстанның өкілдері Беларусьтағы киноконкурс, театр конкурстарына қатысып, жүлделі орынмен оралуда. Біздің талантты әншіміз Димаш Құдайбергеннің жұлдызы Беларусь елінде жанды.Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлер арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында өңіраралық ынтымақтастық форумын өткізу мәселесін қарау ұсынылғанын атап өтті.
2015 жылы "Славян базары" конкурсындағы оның жеңісі Димаштың әлемге танылуына жол ашты. Ғылым және білім саласы ынтымақтастық маңызды шаралармен толықтырылды", - деді мемлекет басшысы Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенкомен екіжақты келісімдерге қол қою салтанатынан кейінгі мәлімдемесінде.
"Бүгінгі күннің өзекті тақырыбы - ІТ саласын дамыту. Беларусь бұл салада халықаралық сарапшылар қауымдастығы табылған елеулі табысқа қол жеткізгенін айтып өтуіміз қажет. Минскідегі жоғары технологиялар паркі – инновациялық кластер құрудың әлемдегі үздік тәжірибесінің бірі. Қазақстан да бұл бағытты белсенді дамытуда. Бұл ретте, Назарбаев университетін атап өткен жөн. ЭКСПО-2017 инфрақұрылымы негізінде Astana Hub халықаралық ІТ стартап технопаркін құрылып, ІТ университеті ашылды. Беларусь әріптестеріміздің назарын ағылшын құқығы бойынша жұмыс істейтін Астана халықаралық қаржы орталығына аударамын. Бұл – посткеңестік және Еуразия кеңістігіндегі конституциялық мәртебесі бар бірегей қаржы институты.Айта кетейік, бүгін Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенкомен кездесті. Беларусь президенті Қазақстанға ресми сапармен келді. Қазақстан мен Беларусь президенттері екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, мемлекеттер арасындағы сауда айналымын ұлғайтуға уағдаласты. Сонымен қатар, Тоқаев пен Лукашенко екіжақты келісімдерге қол қойып, мәлімдеме жасады.
Екі тараптың жинақтаған тәжірибесін ескере отырып, біз бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі мәселелерді пысықтауға келістік. Мемлекетаралық өңірлер арасында экономикалық байланыстарды белсенді дамытуға келістік. Ол үшін өңіраралық ынтымақтастық форумын өткізу мәселесін қарау ұсынылды. Өңірлер деңгейіндегі ынтымақтастығымыз Қазақстан мен Беларусьте өзге елдердің осындай өзара іс-қимылда жақсы тәжірибесі болғандықтан табысты және жемісті болатынына сенімдімін", - деді президент.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбе-Алматы бағытындағы пойызда нәресте дүниеге келді
Келесі жаңалық
Сегіз адам қар құрсауынан құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы