Димаштың жапондық жанкүйері қазақтың әнұранын орындады

Жапонияның Осака қаласында өтіп жатқан ЭКСПО көрмесінде қазақ рухын асқақтатқан ерекше сәт болды. Димаш Құдайбергеннің жанкүйері Қазақстанның Мемлекеттік Әнұранын қазақ тілінде шырқады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Осакадағы ЭКСПО көрмесінде Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері жиналып, сүйікті әншілерін қолдады. Жанкүйерлер қолдарына Димаштың суреті бар плакат та ұстап шыққан. 

Видеодан көрінгендей, олардың арасынан жапон азаматы ортаға суырылып шығып, қазақтың әнұранын шырқай жөнелді.

"Жапондық бауырымызға алғыс! Қазақ тілін үйреніп, әнұранымызды орындағаны нағыз құрмет", "Димаштың арқасында қазақ мәдениеті әлемге танылып жатыр", – деп пікір жазуда желі қолданушылары. 

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада шетелдік тыңдарманның қазақ тіліне, мәдениеті мен өнеріне деген құрметі айқын көрінеді.

Еске салайық, жақында Димаш қарындасына "Бақытты бол, қарлығашым!" деген әнін арнаған болатын.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы